• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 12 Маусым, 2018

Жаһан жаңалықтары. Талантты футболшылар қай құрамада ойнайды?

422 рет
көрсетілді

«Уэльс» ұлттық құрамасының бас бапкері Райан Гиггз ең талантты футболшылардың қай құрамаларда ойнайтынын айтты. 

«Мен, әрине, Бразилия мен Германияны айтар едім. Алайда осы жылы Бельгия мен Францияның ойыны қызық болатын секілді. Себебі ең талантты футболшылар осы құрамаларда», дейді ол.

«Ролан Гаррос» турнирі өз мәресіне жетті

Франция ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. Ерлер арасында Рафаэль Надаль Доминик Тимді жеңіп, «Ролан Гаррос» шыңын 11-ші рет бағындырды. Әйелдер арасындағы ойында Симона Халеп америкалық Слоан Стивенсті 3:6, 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Испан тенисшісі Рафаэль Надаль Франция ашық чемпионатының финалында аустриялық Доминик Тимді 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. 32 жастағы спортшы «Ролан Гаррос» жарысында 11 рет жеңіске жетті. Парижде өткен соңғы ойындағы жеңісі нәтижесінде Надаль әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Рафаэль швейцариялық Роджер Федерерден 100 ұпай озып тұр.

27 мамыр күні басталған «Ролан Гаррос» додасында Қазақстаннан Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Дияс қатысты. 1/4 финалда ойнаған Юлия Путинцева америкалық Мэдисон Кизден 6:7, 4:7 есебімен жеңіліс тапты. Әйелдер теннис ассоциациясы рейтингі бойынша Путинцева 56 орынға жайғасса, Дияс 51-ден 45-ші орынға көтерілді. 

NBA-ның басты жүлдесін алтыншы рет алды

«Голден Стэйт» төртінші матчта «Кливлендті» жеңді. «Кливленд Кавальерс» пен «Голден Стэйт Уорриорз» арасындағы финалдық кездесу Кливлендте «Куикен Лоанс-Аренада» қонақтар пайдасына шешілді (85:108). 

Матчтың ең нәтижелі ойыншылары «Уорриорздан» 37 ұпаймен Стивен Карри, «Кливлендтен» 23 ұпаймен Леброн Джеймс болды. «Голден Стэйт» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Калифорниялық клуб алтыншы рет NBA-ның басты жүлдесін еншіледі.

Дайындаған

Ырысты ҚАДІРБЕК